Accessibility links

Алматыда балалар инфекциялық ауруханасында 6 дәрігерден коронавирус табылды


Карантинге жабылған орталық клиникалық аурухана. Алматы, 13 сәуір 2020 жыл.
Карантинге жабылған орталық клиникалық аурухана. Алматы, 13 сәуір 2020 жыл.

Денсаулық сақтау министрлігі 19 сәуірде Алматыда тағы 8 адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған болатын. Олардың алтауы - балалар қалалық инфекциялық ауруханасының қызметкері, біреуі орталық қалалық клиникалық ауруханасында істейді. Коронавирус жұққан науқастармен араласып, провизорлық стационарға жатқызылған тағы бір адам COVID-19 ауруына шалдыққан.

Алматы - коронавирус жұқтырғандар мен вирус жұққан дәрігерлер саны жағынан республикада алда тұр. Қалада жалпы 513 адамнан коронавирус табылған. Олардың кемінде 234-і - дәрігер. 200-ден астам қызметкерінен коронавирус табылған орталық қалалық клиникалық ауруханасы (халық арасында N12 аурухана деген атпен белгілі) карантинге жабылған, басшысы ауысқан. 18 сәуірде қаланың бас санитар дәрігері ауысты.

Оқи отырыңыз: Жандарбек Бекшин Алматы қаласының бас санитар дәрігері болып тағайындалды

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, инфекциялық стационарда 427 адам емделіп жатыр (арасында Алматы облысынан келген бір науқас бар). Үш адамның жағдайы - өте ауыр, алтауының жағдайы - ауыр, 121 науқастың жағдайы - орташа ауыр, қалғандарыныкы - бірқалыпты.

Бұған дейін қалада 84 адам жазылған. Үш адам қайтыс болған. 19 наурыздан бері қалада карантин жарияланған, көшеде қозғалыс шектелген. Бұған дейін төтенше жағдай жөніндегі комиссия өкілдері 20 сәуірден бастап қалада ірі кәсіпорындардың жұмыс істей бастайтынын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG