Accessibility links

Омск шіркеуіне мінәжатқа келгендер мен священник журналистерге қол көтерген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Омск православ шіркеулерінің бірінде священник пен мінәжат етуге келген адамдар коронавирус пандемиясына байланысты өзін-өзі оқшаулау режимі пасха кезінде қалай сақталатынын бақылауға келген журналистке қол көтерген.

Жергілікті БК55 басылымының тілшісі священниктен комментарий сұраған кездерінде Знаменский шіркеуінен балағаттап, күшпен қуып шыққанын айтты. Журналистер шағымын полиция тексеріп жатыр.

Шіркеу журналистердің мәлімдемесі жалған деп санайды. Шіркеудің сөзінше, "храмды толығымен бақылап тұрған видео бақылауда журналистерге ешқандай күш қолданылмағаны, журналистердің өздері арандатып, діни рәсімге кедергі жасағаны көрініп тұр".

Коронавирусқа байланысты Омск облысында жаппай бұқаралық шараның кез келген түрін өткізуге тыйым салынған. Түрлі куәлердің сөзіне қарағанда, Знаменский шіркеуіндегі мерекелік литургияға ондаған мың адам қатысқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG