Accessibility links

Министр Нұрымбетов: Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны үшін жауапқа тартылмайды


Біржан Нұрымбетов - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Біржан Нұрымбетов - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

42 500 теңге әлеуметтік көмекті қателесіп алған бірде - бір адам қылмыстық жазаға тартылмайды. Бұл хабарды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстан президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткізген онлайн баспасөз мәслихатында айтты.

Министрің сөзінше, "төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылғандарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін 42 500 төңгені алғандардың кейбірі бұл қаржыны қайтарып беруі тиіс, қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін" деген түрлі ақпараттар көбейген.

- Ештеңені уайымдамаңыздар, халықтың басым бөлігінің табысы аз екені, жалақы, жәрдемақының көп еместігі түсінікті. Сондықтан біз ешкімді жаппай тексеріп жатпаймыз. Мәселе, жұмысын тоқтатпаған жұмыс берушілер мен жалақысын алып отырса да 42 500 теңге алу жөнінде өтініш бергендерге байланысты туған болатын,-деді ол.

Министр "42 500 теңге неге барлық азаматқа берілмейді» деген сұраққа жауап берді. Оның сөзінше "Төтенше жағдай кезінде мелекет халыққа әртүрлі әлеуметтік көмек ұсынған. 42 500 теңге алмаған азаматтар басқа көмектерді ала алады".

Нұрымбетовтің сөзінше қазірге дейін 3 миллион 960 мың адамға 42 500 теңге тағайындалып, оған 157 миллиард теңге бөлінген.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 31 наурызда телеарна арқылы халыққа үндеу жолдап, коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдайға орай зейнетақы мен жәрдемақыны 10 пайызға индексациялауды тапсырғанын мәлімдеген. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылған адамдарға ең төменгі жалақы көлемінде – 42500 теңге (шамамен 95 доллар) төленетінін айтқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG