Сәуірдің 20-сына Қазақстанда он екі адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі сәуірдің 20-сына түскі сағат 11:40- та хабарлады.
Солтүстік Қазақстан облысында - 7, Шығыс Қазақстан облысында - 3, Ақмола облысында - 1, Маңғыстау облысы – 1 адам жазылған.
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан барлығы 413 адам сауыққан.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 20 сәуір, таңертеңгі сағат 9-дағы мәліметі бойынша, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 24 адам анықталған.
Қызылорда облысы - 1,
Нұр-Сұлтан қаласы - 9,
Алматы қаласы - 1,
Шымкент қаласы - 4,
Батыс Қазақстан облысы - 1,
Павлодар облысы - 4,
Қостанай облысы - 4.
Қазақстан бойынша COVID-19 жұқтырғандар 1735 адамға жетті. 413 адам сауығып, 19 адам қайтыс болды.
ПІКІРЛЕР