Accessibility links

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 1775 адамға жетті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Денсаулық сақтау министрлігінің 20 сәуір 16.40-дағы мәліметіне сай, елде тағы 18 адамнан вирус табылды. Олардың басым бөлігі Алматыда - 14 науқас. Шымкентте үш, Қостанай облысында бір адам.

Осылайша, елде 1775 адамға коронавирус жұқтырды. 442 науқас (дүйсенбіде 41 адам) дерттен айықты. 19 адам қайтыс болды. Елде коронавирусқа байланысты 1 мамырға дейін төтенше жағдай жарияланған. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда вирус инфекциясы шарықтау шегіне жеткенін, бірақ әлі шектен өтпегенін мәлімдеді. Үкімет елде 3500 адамға вирус жұғады деп болжайды.

Вирус жұқтырған 1775 адам мына аймақтарда:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 383
  • Алматы қаласы – 549
  • Қызылорда облысы – 149
  • Қарағанды облысы – 93
  • Шымкент қаласы – 83
  • Ақмола облысы – 82
  • Атырау облысы – 80
  • Батыс Қазақстан облысы – 63
  • Жамбыл облысы – 61
  • Түркістан облысы – 60
  • Алматы облысы – 44
  • Павлодар облысы – 30
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 30
  • Ақтөбе облысы – 27
  • Қостанай облысы – 21
  • Маңғыстау облысы – 12
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG