Accessibility links

Қырғыздың айтыс ақыны Элмирбек Иманалиев 42 жасында өмірден өтті


Ақын Элмирбек Иманалиевтің "Азаттықтың" Қырғыз қызметі студиясына келген кезі. Бішкек, 17 тамыз 2017 жыл.
Ақын Элмирбек Иманалиевтің "Азаттықтың" Қырғыз қызметі студиясына келген кезі. Бішкек, 17 тамыз 2017 жыл.

Қырғыз халқының танымал ақыны, қомузшы, манасшы Элмирбек Иманалиев 42 жасында дүниеден өтті.

Элмирбек Иманалиев 1978 жылы Қырғызстанның Тоқтағұл ауданы Өзгеріс ауылында туған. Қырғыз ұлттық филармониясында, Шу облыстық драма театрында еңбек еткен, соңғы жылдары «Айтыс» қоғамдық қорының ақындар мектебінде тәлімгер қызметін атқарған.

Ақынның "Аруузатым", "Бұлбұлым", "Жалғыздықтан қажыдым", "Қоштасу вальсі", "Мұнарым", "Балқыма" секілді өлеңдері ел аузында кеңінен тараған.

Ол Қазақстандағы өткен айтыстарға жиі қатысқан. Әр жылдары Балғынбек Имашев, Дәулеткерей Кәпұлы, Сара Тоқтамысова, Мейірбек Сұлтанхан, тб. қазақ ақындарымен айтысқа түсіп, қазақ аудиториясының ықыласына ие болған.

Замандастары Элмирбек Иманалиевті қоғам өмірінде азаматтық ұстанымын әрқашан білдіретін, мемлекет басқару ісіндегі кемшіліктерді тартынбай сынаған, еркін ойлы демократ ақын деп сипаттайды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG