Accessibility links

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті


Тілеухан Әбілдаев
Тілеухан Әбілдаев

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қызметінен кетіп, оның орнына бұған дейін денсаулық сақтау министрінің орынбасары болған Қамалжан Надыров тағайындалды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік Әбілдаевтың қызметтен өз еркімен кеткенін айтады. Ал Надыровтың орнына денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып Тауарлар мен қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетін басқарған Людмила Бұйрабекова тағайындалды.

Кейінгі аптада Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейген. Қалада вирус жұқтырғандар арасында Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухананың медицина қызметкерлері көп. Дертке шалдыққан медқызметкерлер қаланың бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасымованың "вирус жұқтырған медқызметкерлер сақтық шараларын сақтамаған" деп сөзіне наразы болып, сотқа шағымданған. Осы шағым бойынша тергеу басталған тұста Молдағасымова қызметінен кетіп, оның орнына бұрын Қазақстанның бас санитарлық дәрігері болған Жандарбек Бекшин келді.

Оқи отырыңыз: Алматының орталық ауруханасы вирус ошағына айналды. Карантиндегі дәрігерлер не дейді?

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 21 сәуірде Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында Алматыдағы орталық клиникалық аурухана қызметкерлерінің жаппай вирус жұқтыруына байланысты қозғалған іс Бас прокуратураға берілгенін хабарлады.

21 сәуірдегі дерекке сай, Қазақстанда 1977 адамға (500-ден астамы дәрігер) вирус жұқты. 477 адам дерттен айықты. 19 адам қайтыс болды. Елде вирус табылғандардың көбі Алматы қаласында - 672.

"Дәрігер де, медбике де жоқ". Жабық ауруханадағы науқастар қараусыз қалды (21.04.2020)

"Дәрігер де, медбике де жоқ". Жабық ауруханадағы науқастар қараусыз қалды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:42 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG