Accessibility links

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрінен коронавирус табылды


Карантинге жабылған орталық қалалық клиникалық аурухана. Алматы, 13 сәуір 2020 жыл.
Карантинге жабылған орталық қалалық клиникалық аурухана. Алматы, 13 сәуір 2020 жыл.

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтан коронавирус табылды деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Оның айтуынша, Алматы қаласындағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты Камалжан Надыров қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі болып тағайындалады деп жоспарланған. Алайда оның COVID-19 ауруына шалдыққаны анықталған.

"Кеше кешкісін (21 сәуір) Камал Надыровқа коронавирустық инфекция жұқтырған деген диагноз қойылды, қазір ол ауруханаға жатқызылды. Осы жағдайға байланысты Алматы қаласы әкімінің келісімімен Тілеухан Әбілдаевтың отставкаға кету туралы өтініші тоқтатылды" деп жазды Біртанов Facebook-та.

Кейінгі аптада Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейген. Соңғы мәлімет бойынша, мұнда 680 адамнан коронавирус табылған. Жартысына жуығы - медицина қызметкерлері. Қалада вирус жұқтырғандар арасында Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухананың медицина қызметкерлері көп. Дертке шалдыққан медқызметкерлер қаланың бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасымованың "вирус жұқтырған медқызметкерлер сақтық шараларын сақтамаған" деп сөзіне наразы болып, сотқа шағымданған. Осы шағым бойынша тергеу басталған тұста Молдағасымова қызметінен кетіп, оның орнына бұрын Қазақстанның бас санитарлық дәрігері болған Жандарбек Бекшин келді.

Оқи отырыңыз: Алматының орталық ауруханасы вирус ошағына айналды. Карантиндегі дәрігерлер не дейді?

21 сәуірдегі дерекке сай, Қазақстанда 2025 адамға вирус жұқты. 477 адам дерттен айықты. 19 адам қайтыс болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG