Accessibility links

Өзбекстан індеттің экономикаға ықпалын азайту үшін 3 млрд доллардан астам қарыз алады


Дүкен алдында кезек күтіп тұрған адамдар. Ташкент қаласы. 9 сәуір 2020 жыл.
Дүкен алдында кезек күтіп тұрған адамдар. Ташкент қаласы. 9 сәуір 2020 жыл.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев коронавирус ықпалын азайту үшін халықаралық қаржы институттарынан 3,1 миллиард АҚШ доллары көлемінде несие алуға мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды. Несие жеңілдетілген шартпен ұзақ мерзімге беріледі деп айтылады.

Онлайн құжаттар қорында 24 сәуірде жарияланған президент жарлығына сәйкес, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Еуропаның қайта құру және даму банкі және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен қарыз алу туралы алдын ала келісім жасалған.

Премьер-министрдің орынбасары Жамшид Кошкоров бір күн бұрын журналистерге пандемия ықпалын азайту үшін Өзбекстан Халықаралық валюта қорынан 375 миллион доллар көлемінде қаржы алатынын хабарлаған.

24 сәуір күнгі ақпарат бойынша, Өзбекстанда 1778 адамнан коронавирус табылған, жеті адам қайтыс болған.

Оқи отырыңыз: Мирзияевтің әбжілдігі. Орталық Азияның коронавируспен оңаша күресі

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG