Accessibility links

Венгрия мен Қытай ЕО-дағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба бойынша келісім жасасты


Темір жол жұмысшылары Қытайдан Еуропаға жеткізетін алғашқы пойыздарды жолға дайындап жатыр. 2018 жыл. Көрнекі сурет.
Темір жол жұмысшылары Қытайдан Еуропаға жеткізетін алғашқы пойыздарды жолға дайындап жатыр. 2018 жыл. Көрнекі сурет.

Венгрия мен Қытай Будапешт пен Белград арасын жалғайтын темір жол құрылысы жобасын қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. 24 сәуірде қаржы министрі Михали Варга айтқан Қытаймен келісім жылдар бойы созылып келген жобаны жалғастыруға мүмкіндік береді.

Бұл - Қытайдың "Бір белдеу - бір жол" ірі инфрақұрылымдық жобасының бір бөлігі, Еуроодақ аймағындағы ең ірі инфрақұрылым жобасы.

Варганың айтуынша, 20 жылға берілетін 1,855 млрд доллар көлеміндегі несиенің жылдық үстемақысы - 2,5 пайыз. Жоба шығынының басым бөлігін несие жапқанмен біраз бөлігін Венгрияның өзі қаржыландырады.

Темір жол Қытайға Грециядан Еуропаның шығысына тауар тасымалдау мақсатын жүзеге асыруға көмектеседі деп айтылады.

Қытай, Сербия және Венгрия алғаш рет 2014 жылы темір жол салу туралы меморандумға қол қойған. Сербия Қытайдан 297,6 млн доллар қарыз алып, 2018 жылы жобаны бастаған.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, Қытай саяси ықпалын арттыру үшін ірі инфрақұрылым жобаларды қаржыландырып, несие ұсынады.

Дерек бойынша, 2007-2017 жылдар аралығында Шығыс Еуропа мен Орталық Еуропа елдеріне салынған Қытай инвестициясының көлемі 13,5 миллиард долларға жеткен. Сарапшылар кішігірім елдердің Қытай несиесін алып, қарызға батуының қауіпті салдары болуы мүмкін деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG