Accessibility links

Ресейдің 874 әскери қызметкерінен коронавирус табылған


Наурыздың басынан сәуірдің 26-сына дейінгі аралықта Ресейдің 874 әскери қызметкерінен коронавирус табылған. Мағлұматты Ресей қорғаныс министрлігі жариялады.

Коронавирус жұқтырғандардың төртеуінің жағдайы ауыр, он бесінің жағдайы орташа. 320 адам ауруханаға жатқызылған, қалғандарын аруханада жатқызудың керегі болмаған.

Бұл - Ресей қорғаныс министрлігінің COVID-19 жұқтырғандар жайлы алғашқы мәліметі.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, коронавирус 779 курсант пен жоғары әскери оқу орындарының тыңдаушыларынан, жоғары оқу орындарына дейінгі әскери оқу орындарының 192 оқушысы мен оқытушысынан және Ресей қарулы күштерінің 245 азаматтық қызметкерінен табылған.

Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 26 сәуірде 80 949 адамға жетті. Бір тәулікте 6361 адамнан табылған. Пандемия басталғалы 747 адам өлген.

Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметіне қарағанда, Ресей коронавирус жұқтырғандар жөнінен әлемде оныншы орынға шыққан және таяу арада бұл көрсеткіш бойынша Қытайдан озуы мүмкін.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG