Accessibility links

Теңіз кенішінің тоғыз жұмысшысынан коронавирус табылған


Теңіз кенішінің тағы да тоғыз жұмысшысынан коронавирус табылған. Бұл ақпаратты жексенбіде Атырау облысының ТЖ бойынша жедел штабы хабарлады.

Коронавирус жұқтырғандардың сегізі 24 пен 51 жас аралығындағы еркек, біреуі 1983 жылы туған әйел.

Коронавирус анықталғанға дейін тоғыз жұмысшы да бұрын коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болуына байланысты стационар карантинде жатқан.

Вирус жұқтырғандардың жағдайы қанағаттанарлық деп хабарлайды штаб. 26 сәуірдегі мәлімет бойынша Атырау облысындаCOVID-19 жұқтырған 117 адам бар, 40 адам жазылған.

Осы айдың бас кезінде Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің кем дегенде екі қызметкерінен коронавирус инфекциясы табылғаны хабарланған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG