Accessibility links

SIPRI: 2019 жылы әлемде әскери мақсатқа жұмсалған қаржы күрт көбейді


Дүниежүзі проблемасы жөніндегі Стокгольм зерттеу институтының (SIPRI) логотипі
Дүниежүзі проблемасы жөніндегі Стокгольм зерттеу институтының (SIPRI) логотипі

Дүниежүзінде әскери мақсатқа жұмсалатын қаржы 2019 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға көбейіп, 1,92 триллион долларға жетті. Бұл мәліметті Дүниежүзі проблемасы жөніндегі Стокгольм зерттеу институты (SIPRI) жариялады.

Зерттеуге қарағанда бұл — соңғы он жылдағы ең жоғары жылдық өсім. Алғашқы бестіктегі АҚШ, Қытай, Үндістан, Ресей және Сауд Арабиясы — жалпы қаржының 62 пайызын алады.

АҚШ-тың әскери шығысы 5,3 пайызға ұлғайып, 732 миллиард долларға жеткен (дүниежүзіндегі әскери шығыстардың 38 пайызы). 2019 жылы Ресей әскери мақсатқа 65 миллиард доллар жұмсаған, бұл — 2018 жылғыдан 4,5 пайыз көп.

— Ресейдің жалпы ішкі өнімінің 3,9 пайызын алатын әскери шығысы 2019 жылы Еуропадағы ең көп әскери шығыстардың бірі болды, — дейді SIPRI қызметкері Александра Куимова.

НАТО-ның 29 мүшесінің жалпы әскери шығысы 1,04 триллион долларға жеткен. Германияның, Шығыс және Орталық Еуропа елдерінің әскери шығысы айтарлықтай көбейген. Жаңа әскери ұшақтар сатып алуына байланысты Болгарияның шығысы 127 пайыз өскен. Румыния шығысы 17 пайызға ұлғайған.

Иран 2019 жылы әскери мақсатқа 12,6 миллиард доллар жұмсаған, бұл — бір жыл бұрынғыдан 15 пайызға аз. 2018 жылы Иранның әскери шығыстары 23 пайызға кеміген еді. SIPRI Иран әскери шығыстарының күрт азайғаны 2015 жылы Вашингтонның ядролық келісімшарттан шығып, Иранға санкция салған кезеңмен сай келеді деп санайды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG