Accessibility links

Нью-Йорк штатында демократтар праймеризі өтпейтін болды


Джо Байден (оң жақта) мен Берни Сандерс Оңтүстік Каролинадағы сайлау алды теледебат күні кездесіп тұр. 25 ақпан 2020 жыл.
Джо Байден (оң жақта) мен Берни Сандерс Оңтүстік Каролинадағы сайлау алды теледебат күні кездесіп тұр. 25 ақпан 2020 жыл.

Нью-Йорк штатының сайлау комиссиясы коронавирусқа байланысты президент праймеризін тоқтату жөнінде шешім қабылдады. Бұған дейін эпидемия салдарынан праймериз сәуірдің соңынан маусымның 23-іне қалдырылған болатын.

Сайлау комиссиясының тең төрағасы Дуглас Келлнер праймеризде Джо Байденнің жеңіске жету мүмкіндігінің өте жоғары екенін ескере отырып, "праймериз өткізіп, тәуекелге барудың керегі жоқ, өйткені Нью-Йорк коронавирус таралымы жөнінен алдыңға орындарда тұрған штаттың бірі" деп мәлімдеді.

Байденнің бәсекелесі сенатор Берни Сандерс праймериздің тоқтатылғанына наразы болғанға ұқсайды. The Hill басылымының жазуынша, Сандерс командасы сайлау комиссиясының шешімін "Америка демократиясына соққы" деп бағалаған. Сәуірдің сегізіне президенттікке кандидат номинациясы үшін күресін тоқтатқан Сандерс соңғы праймериз бюллетіндегі аты-жөні өзіне демократтар съезіне делегат етіп сайлануға мүмкіндік береді, сол арқылы партия саясатына ықпал етуге болады деп үміттенген еді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG