Accessibility links

Жээнбеков Қырғызстанның кей өңірінде төтенше жағдайды 10 мамырға дейін ұзартты


Сооронбай Жээнбеков
Сооронбай Жээнбеков

Қырғызстанның Бішкек, Ош, Жалалабад қалалары мен Нарын облысының Ат - Баши ауданында төтенше жағдай режимі 10 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамда өткен отырысының қорытындысы бойынша мәлімдеді.

Қалған аймақтарда төтенше жағдай тоқтатылып, кейбір шектеулер әзірге күшінде қалады.

- Үкімет пен барлық мемлекеттік органдар дағдарысқа қарсы қауіпсіздік кеңесі ұсынған шараларды жүзеге асыруы тиіс, - деді Жээнбеков.

Бішкек, Ош, Жалалабад қалалары мен Ош облысының Ноқат және Қарасу аудандарына және Жалалабад облысының Созақ ауданына 25 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай енгізілген, кейін 30 сәуірге дейін ұзартылған.

Нарын қаласы мен Нарын облысының Ат-Баши ауданына төтенше жағдайды 15 сәуір – 30 сәуір аралығына енгізген.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, коронавирус жұқтырғандар Қырғызстанда 708 адамға жеткен (оның 185-і медицина қызметкерлері), 416 адам айығып, 8 адам қайтыс болған.

Сәуірдің 21-іне Өзбекстан да коронавирусқа байланысты енгізілген карантин шараларын мамырдың 10-ына дейін ұзартқан еді.

Кеше, сәуірдің 27-сіне президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай режимін мамырдың 11-іне дейін созған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG