Accessibility links

Теңіз кенішінде вирус жұқтырғандар көбейді


Теңіз кеніші мұнайшылары тұратын вахталық кенттердің бірі. Атырау облысы. Көрнекі сурет.
Теңіз кеніші мұнайшылары тұратын вахталық кенттердің бірі. Атырау облысы. Көрнекі сурет.

Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырғандар 68 адамға жетті. Бұл туралы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі аймақ штабының мәліметіне сүйенген жергілікті БАҚ хабарлады. 29 сәуірде мұнда тағы үш адамға вирус жұққаны анықталған еді.

"Науқастар - 1963, 1988, 1990 жылғы үш ер адам. Барлығы Теңіз кенішіндегі мердігер компаниясында жұмыс істейді" делінген ресми хабарламада.

Коронавирус анықталғанға дейін үш жұмысшы да бұрын коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болуына байланысты стационар карантинде жатқан. Штаб өкілдері үшеуінің жағдайы бірқалыпты дейді. Екі күн бұрын мұнда 9 жұмысшыдан коронавирус табылған болатын. Сәуір айының бас кезінде Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің кем дегенде екі қызметкерінен коронавирус инфекциясы табылғаны хабарланған.

Атырау облысының Жылыой ауданы аумағындағы "Теңізшевройл" компаниясының вахталық поселкесіндегі "Болашақ" лагерінің жұмысшылары 20 сәуірде лагерь аумағына "коронавирус жұқтырып, карантинде жатып шыққан" адамдарды әкелуге наразылық танытқан болатын. Компания басшылығы олардың вахта ауысымы бітіп, кетіп бара жатқан қызметкерлер екенін, коронавирус жұқтырмағанын айтқан.

Атырау облысында 131 адамнан коронавирус табылған. 60 адам айыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG