Accessibility links

Оңтүстік Кореядағы өрттен екі қазақстандық мерт болды


Өртенген қойма. Инчхон, 29 сәуір 2020 жыл.
Өртенген қойма. Инчхон, 29 сәуір 2020 жыл.

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында логистикалық қойманың құрылыс алаңында болған өрттен 38 адам қаза тапты, оның екеуі – Қазақстан азаматы. Өрттен көз жұмған тоғыз адамның кім екені әлі анықталып жатыр. Бұл туралы 30 сәуірде Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

29 сәуірде болған өрттен тағы он адам жараланған. Министрлік өкілінің сөзінше, қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен байланысып отыр. Смадияров қайтыс болған екі қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеп жүргенін айтады.

Оңтүстік Корея басылымдарына сілтеме жасаған британиялық BBC сайты өрт жергілікті уақыт бойынша 13.30 шамасында (Алматы уақытымен таңертеңгі 10.30 шамасында) құрылыс жұмыстары кезінде шыққанын хабарлады. Өртті сөндіруге бес сағаттай уақыт кеткен.

ВВС мәлімдеуінше, мерт болғандардың саны өсуі мүмкін. Себебі құрылыс алаңында 78 адам жұмыс істеген. Ал қаза тапқандардың барлығы құрылысшы деген ақпарат бар.

2014 жылы Нұр-Сұлтан мен Сеул виза келісіміне қол қойып, Қазақстан азаматтарына Оңтүстік Кореяда 30 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат берілген. Осыдан кейін жұмыс іздеген қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға кете бастаған. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның 35 мың азаматы Оңтүстік Кореяда жүр. Оның 12 мыңы – заңсыз еңбек мигранты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG