Accessibility links

Мақтарал ауданында Фирдоуси ауылын су алғаны хабарланды


Мақтарал ауданындағы су алған жерлер. 2 мамыр 2020 жыл. Түркістан облысы әкімдігі таратқан сурет.
Мақтарал ауданындағы су алған жерлер. 2 мамыр 2020 жыл. Түркістан облысы әкімдігі таратқан сурет.

2 мамырда таңертең Түркістан облысы Мақтарал ауданы Фирдоуси ауылының тұрғындары Азаттыққа хабарласып, ауылды су басып жатқанын айтты. Өзін Нуриддин деп таныстырған адам тұрғындардың түнде басқа жаққа қаша бастағанын жеткізді.

Тұрғындардың Азаттыққа жіберген видеосында жол жағасында әртүрлі көліктер тұрғаны, әйелдер мен балалардың трактор тіркемесінде отырғаны көрінеді. Тағы бір видеода ауыл маңын су басып жатқаны байқалады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев 2 мамырда таңертең Мақтарал ауданындағы Жаңа тұрмыс, Нұрлы жол, Жеңіс ауылдарынан 5500 адам эвакуацияланды, қазір басқа елді мекендерді көшіру жағын қарастырып жатырмыз деп мәлімдеген.

1 мамырда Өзбекстанда Сардоба су қоймасындағы бөгеттердің бірі жарылып, айналасындағы елді мекендерді су алған еді. Кейінірек Өзбекстанмен шекаралас Қазақстандағы бірқатар елді мекендерді су алғаны туралы хабар шыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG