Accessibility links

Лукашенко: 9 мамырға белгіленген парадты тоқтата алмаймыз


Беларусь президенті Александр Лукашенко
Беларусь президенті Александр Лукашенко

Беларусь президенті Александр Лукашенко "коронавирусқа қарамастан Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығының құрметіне Минскіде өтетін әскери парадты тоқтата алмайтынын, өйткені бұл мерекені мыңдаған адам күтіп отырғанын" мәлімдеді.

Лукашенко "көп ойланған, ақыры соғыс ардагерлерінің талабына көнген".

- Әртүрлі вирус мен аурулар соғыс кезінде де болған шығар, бірақ оны ойлаған да жоқ,- деген Лукашенко "ардагерлер бүгінгі билік пандемиядан қорықты деп санамасын" дегенін айтты.

Бұған дейін 9 мамырға белгіленген әскери парадты тоқтатуды сұрап Беларусь елінің 7 мыңнан астам азаматы қол қойған петиция жарияланған. Беларусь қорғаныс министрлігі "жеңіс парады әскердің ұрысқа дайындығының маңызды бөлігі болғандықтан тоқтатуға болмайды" деп жауап берген.

Ресми мәлімет бойынша, Беларусь елінде коронавируспен ауыратындар 3 мамырда 15 828 адамға жеткен. Пандемия басталғалы 97 адам қайтыс болған. Соңғы кездері күн сайын 800-900 адам жұқтыратыны анықталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Беларусь билігін қатаң карантин енгізуге бірнеше рет шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG