Accessibility links

Apple мен Google вирус жұқтырғандарды геолокациямен қадағалауға тыйым салады


Apple мен Google-дың коронавирус жұқтырған адаммен байланыстарды қадағалауға арналған жаңа технологиясы олардың орналасқан жерін нақты анықтауға жол бермейді. Бұл туралы Techcrunch басылымы компания жариялаған ақпаратқа сілтей отырып жазған.

Смартфондарға арналған операция жүйесін жасайтын, әлемдегі смартфон рыногының 99 пайызға жуығын бақылайтын екі ірі компания смартфон иелеріне коронавирустың жаңа түрін жұқтырған адаммен байланыста болғанын ескертетін технология жасап жатыр. Өткен аптада технологияның алғашқы нұсқалары белгілі болды.

Дүйсенбіде компания бұл технология коронавирус жұқтырғандарды геолокацияға байлап қоюға мүмкіндік бермейтінін мәлімдеді. Олар осылайша өз клиентерінің жеке құпиясын қорғауды және үкіметтен де қорғауды жоспарлап отыр деп жазады Reuters агенттігі.

Коронавирусқа қатысы бар бірнеше қосымша жасағандар "науқастарды геолокацияға байлау - вирустың таралымын бақылап, эпиждемия ошағын анықтауға ыңғайлы" деп санайды. Techcrunch коронавирус жұқтырғандардың геолокациясын қадағалау мүмкіндігі Apple мен Google жаңа технологиясын пайдаланбайтын қосымшаларда қала береді деп нақтылаған.

Дүйсенбіде компаниялар британ рыногына арналған бағдарламаның тест нұсқасын мақұлдады деп хабарлайды Би-би-си.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған адамдарды қадағалауға арналған технология жасау жөнінде корпорациялар сәуірдің басында уағдаласқан. Бастапқы болжам бойынша, смартфонды пайдаланушылардың өздері COVID-19 жұқтырғанын хабарлайды, содан кейін олардың телефондары екі апта ішінде жеке қарым-қатынаста болған адамдарына бұл жөнінде жасырын ескерту беріп тұрады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG