Accessibility links

Covid-19 індетінен өлгендер саны бойынша Ұлыбритания Италиядан асып түсті


Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон

Ұлыбританияда Covid-19 індетінен 29 420 адам өлді. Бұл көрсеткіш бойынша, Ұлыбритания осы індет Еуропада алғаш жайылған ел – Италиядан да асып түсті. Италияда 29 315 адам өлген. Би-би-си коронавирус індеті Италиядан гөрі Ұлыбританияда «жылдам» тарағанына назар аударған.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Доминик Рааб коронавирустың нақты салдарын індет аяқталғаннан кейін ғана көруге болатынын айтты.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне қарағанда, әлемде коронавирус індетінен өлгендердің жалпы саны 250 мыңнан асқан. Кейінгі күндері анықталғандай Еуропада коронавирус жұқтырғандар қазір айтылып жүргендегіден бір ай бұрын пайда болған. Франция дәрігерлері коронавирус жұқтырды деген күдікке алғаш іліккендердің бірінен 2019 жылдың желтоқсанының соңында алынған анализді қайта зерттегеннен кейін осындай қорытынды шығарды.

Соңғы күндері шектеулер мен оқшаулану талаптарын жұмсарта бастағаны жайлы хабарланған мемлекеттер арасында Үндістан да бар. Бұл елде де Covid-19 індетін жұқтырғандар мен өлгендер өте көп.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG