Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 4298 адамға таяды. Бұл туралы 6 мамырда сағат 12:20 кезінде денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Вирус жұқтырған 21 адам мына аймақтарда анықталған:
Қызылорда облысы - 4,
Қостанай облысы - 1,
Маңғыстау облысы - 2,
Шымкент қаласы - 6,
Атырау облысы - 3,
Батыс Қазақстан облысы - 5.
Қазақстан барлығы 1299 адам коронавирус инфекциясынан жазылып, 29 адам қайтыс болды.
ПІКІРЛЕР