Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовке генерал-лейтенант шені берілді. Бұл туралы 6 мамырда ресми ақпарат құралдары жазды.
Бүгін, мамырдың 6-сына Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев күш құрылымдарының жиырмаға жуық басшысына әртүлі әскери шен беру туралы жарлық шығарған.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен ҰҚК Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов генерал-лейтенант, Нұр-Сұлтан полициясының басшысы Ержан Сәденов пен Алматы полициясының басшысы Қанат Таймерденов генерал-майор шенін алған.
Сарапшылар 54 жастағы Кәрім Мәсімовті Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасындағы ықпалды адамдар санатына жатқызады.
Кәрім Мәсімов пен Нұрлан Ермекбаевқа генерал-майор шенін былтыр, 2020 жылы 18 наурызда Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілетін тоқтатардан бір күн бұрынғы жарлығымен беріп кеткен.
2016 жылы премьер-министрліктен босатылып ҰҚК төрағалығына тағайындалған. Ол 2007- 2012 жылдары және 2014 - 2016 жылдары екі рет премьер-министр болды. Арасында президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарды.
ПІКІРЛЕР