Accessibility links

Қазақстан ұшақ жолаушыларынан COVID-19 анықтамасын талап етпейді


Алматы халықаралық әуежайына келген жолаушылардың дене қызуын алыстан өлшеу сәті. 21 қаңтар 2020 жыл.

Қазақстан ұшақ жолаушыларынан COVID-19 тестінен өткені жайлы анықтама талап етуді тоқтатты. Бұл туралы көлік саласындағы бас мемлекеттік санитар - дәрігер Сәдуақас Байғабылов хабарлады.

Байғабыловтың сөзінше, оған 1 мамыр мен 10 мамыр арасында ұшқан жолаушылар мен ұшқыштардан коронавирус табылмағаны себеп болған.

Мамырдың 1-інен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы, кейіннен басқа да бірнеше қала арасында әуе рейстері қайта ашылып, COVID-19 тестінен өткені туралы анықтамасы бар жолаушыларға ғана ұшуға рұқсат берілген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG