Accessibility links

Иран фрегаты жаттығу кезінде Иран әскери катерін атып, 40 шақты адам өлген


"Жамаран" фрегатының қанатты "Нұр" зымыранымен атқан сәті. Архив фотосы.
"Жамаран" фрегатының қанатты "Нұр" зымыранымен атқан сәті. Архив фотосы.

Иранның әскери фрегаты - "Жамаран" жаттығу кезінде "Конарек" зымыран катерін суға батырып, 40 шақты адам өлді. Бұл ақпаратты Біріккен араб әмірліктерінен шығатын The National газеті мен "Әл-Мәсдар" басылымы жергілікті журналистерге сілтей отырып жариялады.

"Оқиға зымыранмен атқылаған кезде болған. Суға батқан катер арнайы қойылған нысанадан алысқа ұзап үлгермеген" деп болжайды стратегия және технология орталығы. Болжамға қарағанда, суға батқан катер Иран флотына 2008 жылы қосылған.

Британияның "Алвант" деп аталатын фрегатына ұқсас "Жамаран" кемесі 2010 жылы флотқа алынған. Бұл кеме Қытайдың кеме атуға қолданатын "Инцзи-8" зымыранының көшірмесі - қанатты "Нұр" зымыранымен жарақтанған.

2019 жылы Парсы және Оман шығанағындағы жағдай шиеленісіп, Иран қолдайтын Йемен көтерілісшілері қыркүйекте Сауд Арабиясының екі мұнай өңдеу зауытын атқылаған болатын. АҚШ Иранның ықпалды генералы Қасым Сүлейманиді өлтірген соң, Иран оған жауап ретінде АҚШ-тың әскери базасын зымыранмен атқан. Қаңтарда Иран Тегераннан ұшып шыққан Украинаның жолаушылар ұшағын қателесіп атып құлатқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG