Accessibility links

Францияның экс-президентін "сексуалды сипаттағы әрекет жасады" деп айыптады


Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д'Эстен
Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д'Эстен

Германияның WDR телеарнасының журналисі Анн-Катрин Штраке Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д'Эстенді сексуалды зорлық сипатында әрекет жасады деп айыптады. Ол бұл жөнінде 30 наурызда шағым түсірген. Ақпаратты дүйсенбіде "Франс-пресс" агенттігі Париж прокуратурасына сілтей отырып, хабарлады.

Оқиға 2018 жылдың желтоқсанында болған. Неміс журналисінің сөзінше, сұқбат кезінде Валери Жискар д’Эстен бөксесіне үш рет қол тигізген.

Францияның бұрынғы президенті, конституция кеңесінің мүшесі 94 жастағы Валери Жискар д'Эстеннің әрекетін жеке тұлғаларға жасалған қылмыспен күрес (BRDP) бригадасы тексеретін болады деп хабарлайды "Француз халықаралық радиосы".

Жискар д’Эстен адвокаты бұл ақпарат жайында түсініктеме бермеді.

- Шағымымды министрліктің қабылдап, зерттей бастағанына қуаныштымын,– деп мәлімдеді Анн-Катрин Штраке. Ол бұл шағымын "Франс-пресс" агенттігіне "Францияның бұрынғы президенті журналистке сексуалды зорлық сипатындағы әрекет жасамақ болғанын бәрі білуі керек" деп түсіндірген.

2018 жылы 18 желтоқсанда Штраке Германияның бұрынғы канцлері Гельмут Кольдың жүз жылдығы қарсаңында Францияның бұрынғы президентінен сұқбат алу үшін Париж бюросына келген. Сұқбат аяқталған соң Штраке Жискар-д’Эстенді бірге суретке түсіруге шақырған.

Суретке түсіп тұрғанда Францияның бұрынғы президенті журналисті құшақтап, қолын бөксесіне тигізген. Екінші рет суретке түскенде және өзінің архив фотоларын көрсеткенде де осы әрекетін қайталаған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG