Accessibility links

Санкт-Петербургтегі өрттен коронавируспен ауыратын бес пациент қаза болды


Ресейдің Санкт-Петербург қаласында аурухана өртеніп, коронавирус диагнозымен жатқан бес пациент қаза болды.

Өрт сейсенбінің таңында жан сақтау бөлімінде басталған. Кей болжамға қарағанда, өкпеге ауа айдайтын аппараттан от шыққан. Баспасөздің жазуынша, аппарат барлық қуатымен жұмыс істеп тұрған. Пациенттер жанған азық-түлік исінен уланып өлген. ТАСС-тың шұғыл қызметтегі дереккөзі өлгендердің бәрі ауа айдайтын аппаратқа қосулы болғанын айтады.

10 шаршы метр аумақ жанып, 150 адам эвакуацияланған. Абайсызда кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мамырдың 9-ына Мәскеуде COVID-19 диагнозы бар пациенттер жатқан аурухана өртеніп, бір әйел қайтыс болған. "Ол жолы да өрт өкпеге ауа айдайтын аппараттын шыққан еді" деп жазады "Коммерсант" газеті.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG