Accessibility links

Қоғамдық ұйым өкілдері коронавируспен күрес қаржысының есебін сұрады


11 мамырда төтенше жағдай реимі ая в Казахстане завершился режимі аяқталған соң Алматыға кіре берістегі блокбекеттерге келгендер.
11 мамырда төтенше жағдай реимі ая в Казахстане завершился режимі аяқталған соң Алматыға кіре берістегі блокбекеттерге келгендер.

Жиырмаға жуық үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестік өкілдері мамырдың 12-сіне Нұр-Сұлтанды мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қордан бөлінетін қаржының айқындығы мен есептілігін қамтамасыз етуге шақырды. Үндеу коронавирус кезіндегі сатып алулар жайлы ақпарат жинап, тарататын Zertteu Research Institute қорының сайтында жарияланды.

Өткен аптада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің ТАСС жаңалықтар агенттігіне берген сұқбатында Қазақстанның коронавирусқа байланысты бөлген қаржысы 13 миллиард долларға жетіп, мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің сегіз пайызынан асқанын мәлімдеген. Қаржының қайда бөлінгенін нақтыламаған.

"Мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қордан бөлініп жатқан қаржы мен барлық қабылданып жатқан шаралардың айқындығы мен есептілігі аса маңызды екенін айтқымыз келеді. Коронавирус індеті экономика мен қоғамға зиянын тигізіп қана қоймай, жемқорлық пен бюджет қаржысын мақсатсыз жұмсауға жол ашып отыр. Бұл қабылданып жатқан шаралардың дұрыстығы мен мемлекеттік институттарға қоғам сенімсіздігін арттыруға әкеледі" - дейді Тоқаевқа жазылған үндеуде.

Үндеу хат иелері айқындықты барлық деңгейде қамтамасыз ету үшін бірнеше шараны жүзеге асыруды ұсынған, олар:

"Мемлекеттік комиссия бөлінген қаржы бойынша барлық ақпаратты жинап, жариялауы керек; бөлінген қаржының негізділігі мен қажеттікке сай екені туралы барлық көмек алушы қамтылған жан-жақты есеп әзірлеп, жариялауы тиіс; Есепті парламентте қарап, барлық материалды мемлекеттік органдардың сайтында жариялау; Орталық және жергілікті деңгейде қабылданатын шешімдер мен бюджет қаржысын жарату процесін азаматтық қоғам өкілдерінің бақылауын қамтамасыз ету; Коронавируспен күрес туралы ақпарат тарататын БАҚ, ұйымдар мен жеке тұлғалардың ақпаратқа қол жеткізу мен сөз бостандығы құқығын, осы мақсатта мемлекеттен қаржы бөлінуін қамтамасыз ету қажет".

Үкімет аталған қаржыға байланысты ресми түсініктеме берген жоқ. Кейінірек президенттің экономика мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов қаржы жұмсалатын негізгі бағыттарды атаған. Ол Ұлттық қордан бөлінген 1,7 триллион теңге "бюджет шығынын жабуға жұмсалатынын" және жүздеген миллиард теңге мемлекеттік сақтандыру қорынан төтенше жағдай режимі кезінде табысынан айырылғандарға 42 500 теңге төлеуге жұмсалатынын айтқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG