Accessibility links

Google және Netflix-тен кейін Apple да Өзбекстанға салық төлей бастады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Америкалық Apple компаниясы алғашқы үш айдың қорытындысы бойынша Өзбекстан бюджетіне 59,2 мың доллар көлемінде салық төледі.

Өзбекстанның мемлекеттік салық комитеті 11 мамырда Apple компаниясының қосымша құн салығын төлеуші ретінде тіркелгенін хабарлады. 2020 жылдан бастап Өзбекстанда шетел компанияларына қосымша құн салығын төлеу тәртібі енгізілген.

Салық комитетінің мәліметінше, Өзбекстанда электронды қызмет көрсететін 10 шетел компаниясы қосымша құн салығын төлеуші ретінде тіркелген. Бұған дейін Google Commerce Limited компаниясы 2020 жылдың алғашқы үш айында көрсеткен қызметі үшін 85 мың еуро көлемінде салық төлеген. Netflix International B.V. компаниясы Өзбекстан бюджетіне 4,3 мың еуро төлеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG