Accessibility links

Қазақстанда 18 мамырда кафе, қонақ үй және діни орындар ашылады


Алматының орталық көшесінің бірі. 1 мамыр 2020 жыл.
Алматының орталық көшесінің бірі. 1 мамыр 2020 жыл.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты жабылған қонақ үйлер, шағын тамақтану орындары мен мешіт, шіркеулер 18 мамырдан бастап жұмысын қайта жалғастырады. Бұл шешімді денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Шешімге сай, 30 адамдық тамақтану орындары ғана ашылады. Бұдан бөлек, жазғы террассасы бар кафе, ресторандар қонақтарды сыртқа отырғызып, жұмысын бастайды. Ал діни орындардың аумағының тек 30 пайызын толтырып құлшылық етуге рұқсат.

Бүгін, 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылды. Үкімет 1 маусымнан бастап ел ішінде жолаушылар пойызының қызметіне рұқсат бермек. Билеттер 15 мамырдан бастап сатылымға шығады.

Қазақстан билігі 11 мамырда коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдайды аяқтап, карантин шарттарының бір бөлігін жеңілдеткен. Елде саябақтар мен жағалаулар ашылған.

Елде той, еске алу шаралары, қонақ шақыру, спорт жарыстарын және мәдени шаралар өткізуге салынған тыйым сақталады. Сауда орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер де әлі ашылмайды.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде вирус жұқтырғандар 5400 адамнан асты. 2363 адам дерттен айықты. 32 адам қайтыс болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG