Accessibility links

Қырғызстан соты құқық қорғаушы Азимжан Асқаровты түрмеде қалдырды


Азимжан Асқаров

Қырғызстан жоғарғы соты 13 мамырда құқық қорғаушы, өмір бойына бас бостандығына айырылған Азимжан Асқаровтың кассациялық шағымын қарап, өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Сот отырысына тілшілер қатысқан жоқ, журналистер сотты мониторинг арқылы бақылады.

Ұлты өзбек Асқаров құқық қорғаушылықпен және журналистикамен айналысқан. Ол 2010 жылы Қырғызстанда қырғыздар мен өзбектер арасындағы жанжалдан кейін ұсталып, төбелес ұйымдастырды және милиция қызметкерін өлтірді деп айыпталған. Соттың бірнеше инстанциясы оның өмір бойғы түрме жазасын өзгертпеген.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы 11 мамырдағы есебінде “Қырғызстан соты БҰҰ адам құқығын қорғау комитетінің Асқаров ісіне қатысты ұсынысын орындамай отыр” деп мәлімдеді.

2016 жылы БҰҰ комитеті Асқаровтың ұсталуын заңсыз деп танып, әділ сот құқығынан айырды деген.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы 2019 жылы Қырғызстан сотының шешіміне пікір білдіріп, “Қырғызстан билігі тағы да адам құқығының негіздерін елемеді” деп мәлімдеді.

Сот Асқаровтың кассациялық шағымын қарайтынның алдында халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушылар Қырғызстан билігін Асқаровты босатуға шақырған.

13 мамырда Жоғарғы сотына 20 шақты адам Асқаровты босатпауды талап етті. Олар өздерін “2010 жылғы оқиғада қайтыс болғандардың туыстарымыз” деп таныстырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG