Accessibility links

Меркель: Хакерлік шабуылға байланысты Ресейге шара қолдануымыз мүмкін


Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель.

Германия канцлері Ангела Меркель сәрсенбі күні 2015 жылы Бундестаг сайтына жасалған хакерлік шабуылға байланысты Ресейге шара қолдануы мүмкін екенін айтты.

Бундестагта сөйлеген Меркельдің айтуынша, Германия прокуратурасында Ресейдің осы шабуылға қатысы барын дәлелдейтін қажетті айғақтар бар.

Канцлердің сөзіне қарағанда бұл кездейсоқ шабуыл емес - мәселе "гибридтік соғыс" туралы болып отыр. Ол Германияның Ресейге шара қолдануға құқығы бар екенін де атап өтті. Меркель Ресеймен қарым-қатынасты жақсартқысы келетінін бірақ Мәскеудің өзі осыған кедергі келтіріп отырғанын жеткізді.

Меркель сонымен бірге былтыр тамыз айында Берлинде өлтірілген шешен сепаратистерінің бұрынғы жетекшісі Зелимхан Хангошвилидің өлімі туралы да айтты. Берлин бұған дейін Мәскеуді бұл қылмысты жеткілікті дәрежеде зерттемей отыр деп ресми түрде айыптаған. Бұл іс бойынша ресей азаматы күдікке ілінген. Бұл оқиғадан кейін Германия екі ресейлік дипломатты елден шығарған болатын.

Bellingcat зерттеуіне сәйкес, күдіктінің ресейлік арнайы қызмет өкілдерімен байланысы болған.

Оқи отырыңыз: Берлинде адам өліміне күдікті ресейлік "жалған құжатпен жүрген"

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG