Accessibility links

Қызылорда облысында әкімдік алдында видео түсірген әйелге айыппұл салынды


Шиелі ауданы Ортақшыл ауылдық әкімдігі қызметкері Перизат Мусалимова және жауапкер Гүлзинат Сағындықова (орындықта отыр) сот процесінде. Қызылорда облысы, 14 мамыр 2020 жыл.
Шиелі ауданы Ортақшыл ауылдық әкімдігі қызметкері Перизат Мусалимова және жауапкер Гүлзинат Сағындықова (орындықта отыр) сот процесінде. Қызылорда облысы, 14 мамыр 2020 жыл.

14 мамырда Қызылорда облысы Шиелі аудандық соты жергілікті әкімдік алдында сауда жасағандарды видеоға түсірген тұрғын Гүлзинат Сағындықованы Әкімшілік кодекстің "Ұсақ бұзақылық" деп аталатын 434-бабы бойынша кінәлі деп тауып, 13 мың теңге көлемінде (шамамен 32 доллар) айыппұл салды. Судья үш баласы бар Сағындықованың отбасы жағдайын ескеріп, айыппұлдың 30 пайызын шегергенін айтты. Жауапкер сот шешімімен келіспейді.

Ақпарат бойынша, 30 сәуірде Гүлзинат Сағындықова Шиелі ауданы Ортақшыл ауылдық әкімдігі алдында әлдекімдердің киім-кешек сатып жатқанын көріп, "карантин кезіндегі заңсыздықты" видеоға түсірген. Жауапкердің айтуынша, әкімдік өкілі Перизат Мусалимова "видео түсіруге кедергі жасап, телефонын тартып алып, жазбаны өшіруге" тырысқан.

14 мамыр күнгі сот отырысында әкімдік өкілі жауапкердің айтқанын жоққа шығарып, Сағындықованың өзін "балағаттанын" жеткізді. Бірақ әкімдік өкілі карантин кезіндегі саудагерлердің әрекетіне байланысты ештеңе айтқан жоқ.

Жауапкер Гүлзинат Сағындықова "сот отырысында әкімдік өкілінің әрекетіне дұрыс баға берілмеді" деп санайды. Сотқа тұрғынды қолдап бірнеше көп балалы ана келген. Айыппұл төлеуге міндеттелген белсенді келіншек енді апелляциялық сотқа шағым түсірмек.

Соңғы мәлімет бойынша, Қызылорда облысында 231 адамнан коронавирус табылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG