Accessibility links

Гонконгтегі наразылыққа қатысқан тұрғын сотталды


Син Ка-Хоның сотынан кейін наразылық білдіріп тұрғандар. 15 мамыр 2020 жыл.
Син Ка-Хоның сотынан кейін наразылық білдіріп тұрғандар. 15 мамыр 2020 жыл.

Гонконг соты билікке қарсы наразылыққа қатысқан тұрғынды төрт жыл түрмеге қамады. Ол жаппай наразылыққа қатысты деп айыпталды. Прокуратура оған алты жыл сұраған.

21 жастағы Син Ка-Хо былтыр 12 маусымда полициямен қақтығысқа қатысқан. Сотта ол өз кінәсін мойындағаны хабарланды.

Ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, бұл – жаппай наразылық бабы бойынша алғаш шыққан үкім және елдегі наразылықтан кейін шыққан ең қатал шешім. Әдетте бұл елде белсенділерді «заңсыз жиынға қатысты» деген «жұмсақ» баппен жазалайтын.

Үкім оқыларда сот залына ондаған адам жиналып, қарсылық білдірді.

Гонконгте жаппай бассыздық ұйымдастыру бабы бойынша, ең ауыр жаза – 10 жыл. Reuters агенттігінің жазуынша, бұл баппен 600-дей адам жауапқа тартылуы мүмкін. Былтыр маусымдағы наразылық кезінде 8 мыңнан аса адам ұсталған.

Гонконгтегі наразылыққа қандай да бір іске күдіктілерді Қытайға экстрадициялау туралы заң жобасы түрткі болған. 12 маусымда күні наразылыққа мыңдаған адам шыққан. Полиция оларға қарсы көзден жас ағызатын газ бен резина оқ атқан. Кейін елдегі наразылықтан соң билік заң жобасын қайтарып алған. Бірақ жұрт наразылықты жалғастырып, Қытайдан тәуелсіздік пен белсенділерді босатуды талап ете бастады.

2020 жылдың басында коронавирус тараған соң елде наразылық шаралары тоқтап қалды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG