Accessibility links

Еуропада бірінші болып Словения індетті жеңгенін мәлімдеді


Маска таққан ер адам. Словения, наурыз 2020 жыл.
Маска таққан ер адам. Словения, наурыз 2020 жыл.

Еуропада бірінші болып Словения коронавирус індетін жеңгенін ресми түрде мәлімдеді. Соңғы екі аптада мұнда тек 35 адамнан коронавирус табылған.

Словения - індетке байланысты қатаң шаралар енгізген Еуропадағы алғашқы мемлекет. Наурыз айында енгізілген шектеулер сәуір айының ортасында алына бастады. Қазір билік бірнеше көрші мемлекетпен шекарасын ашқан. Ол жақтан келгендердің карантиннен өтуі шарт емес. Дегенмен басқа елдерден келген азаматтар екі апта карантинде болуы керек.

"Эпидемияны жеңдік" деп мәлімдеген Словения билігі барлық шектеу шаралары алынатынын хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, Словенияда 1,5 мыңға жуық адамнан коронавирус табылған. 103 адам қайтыс болған.

  • 15 мамырда Эстонияның әлеуметтік істер жөніндегі министрі Таниель Кийк COVID-19 эпидемиясы елде уақытша аяқталды деп айтуға болады деген еді. 15 мамырдан бастап Литва, Латвия және Эстония өзара шекараларын ашқан. Балтық елдері аумағынан 14 күн ішінде ешқайда шықпаған тұрғындар үш мемлекет арасында еркін жүре алады. Өзге мемлекеттен келгендер бұрынғыдай екі аптаға созылатын карантиннен өтуі тиіс.
  • Еуроодақ елдері коронавирусқа байланысты наурыз айының ортасынан бастап елге кіруге шектеу қойып, шекараларын жаба бастаған. Бірақ одақ аумағында жүк тасымалдау тыйылмаған. Қазір Австрия, Швейцария сияқты бірқатар мемлекеттер көрші елдермен шекараларын ашуға тырысып жатыр. Дегенмен Шенген аймағына кіретін елдерге үшінші елден келген (арасында Ресей де бар) азаматтардың кіруіне тыйым салынған. Бұл тыйым 15 маусымға дейін күшінде қалады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG