Accessibility links

Түркіменстанда дауылдан соң үйлері бүлінген жүздеген тұрғын биліктен көмек талап етті


Дауылдан шатыры ұшып, бүлінген үйлер. Түркіменстан, 27 сәуір 2020 жыл.
Дауылдан шатыры ұшып, бүлінген үйлер. Түркіменстан, 27 сәуір 2020 жыл.

Әлемдегі жабық елдердің бірі Түркіменстанда жүздеген адам наразылыққа шықты. Олар елдің шығыс аймағында болған дауылдан кейін бүлінген үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге әрекет етпей отырған билікті сынады.

14 мамырда наразылардың алдына Түркіменабат қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары шыққан. Наразы тұрғындар қатты желдің салдарынан шатыры ұшып, бүлінген үйлері мен электр сымдарын қалпына келтіруге көмектесулерін сұраған.

Turkmen.news сайтының жазуынша, 15 мамырда шенеуніктердің бірі (аты-жөні айтылмайды) табиғи апаттың салдарын жою мәселесін талқылау үшін Түркіменабат қаласындағы ауданға полициямен барған.

Азаттықтың Түркімен қызметі бұл ауданда ірі акция болғанын, оған бірнеше жүз адам қатысқанын растады. Тұрғындар үкіметтен электр жарығын, құбыр жүйесін қалпына келтіруді, көшені қоқыс-қалдықтардан тазалауды сұраған.

Авторитар басшы Гурбангулы Бердімұхамедов басқарып отырған Түркіменстанда наразылық акциялары өте сирек. 5,8 млн халқы бар Орталық Азия мемлекеті "өзгеше ойлайтындарды" қудалайды, қоғамдық шерулерге тыйым салады деп жиі сыналады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG