Accessibility links

Тәжікстан парламенті төменгі палатасының спикері "пневмониядан" жазылып шықты


Тәжікстан парламенті төменгі палатасының спикері Махмадтоир Зокирзода.
Тәжікстан парламенті төменгі палатасының спикері Махмадтоир Зокирзода.

Тәжікстан парламенті төменгі палатасының спикері "пневмониядан" жазылып шықты деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствоның ресми хабарламасында спикер Махмадтоир Зокирзоданың 15 мамырда қалалық инфекциялық ауруханадан шыққаны жазылған. Министрліктің алдыңғы жіберген хабарламасында Зокирзоданың 5 мамырда ауруханаға түскені жазылған болатын. Бірақ бұл хабарлама кейінірек өшірілді. Онда шенеунікке қандай диагноз қойылғаны айтылмайды.

Бұған дейін бұл ақпарат спикерге коронавирус жұқты деген сыбысты өршіткен, бірақ бірнеше депутат бұл ақпаратты жоққа шығарған. 63 депутаттан құралған парламенттің төменгі палатасында президент Эмомали Рахмонның ұлттық-демократиялық партия өкілдері басым.

Тәжікстан билігінің мәліметінше, елде 1322 адамнан коронавирус табылған, 36 адам COVID-19 ауруынан қайтыс болған. 30 сәуірге дейін билік елде коронавирус барын мойындамай келген. Алғашқы науқастар туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Тәжікстанға сапары қарасаңында ғана белгілі болды. Елде көптеген тұрғын ресми дерекке сенбейді. Олар үкімет науқастар саны туралы статистиканы төмендетіп көрсетеді деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG