Өзбекстанның UzAirways әуе компаниясы 18 мамырдан бастап ішкі бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдай бастайды, оған коронавирус жұқпағаны туралы анықтамасы бар азаматтар ғана жіберіледі.
Жолаушылар ұшу уақытына дейін 120 сағат ішінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығында коронавирус тестінен өтіп үлгеруі тиіс.
Әуежайға кірген кезде және ұшақ ішінде жолаушылардың қорғаныш маска тағып, қолғап киіп жүруі міндетті, сонымен бірге ұшақ салонында әлеуметтік арақашықтық сақтау керек.
"Узбекистон темир йуллари" компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, пойыз жолаушыларына да осыған ұқсас талаптар қойылған. Дүйсенбі күні темір жол қатынасы да қалпына келеді.
Өзбекстанда коронавирусқа байланысты өзге елдермен көлік қатынасы - 16 наурызда, ел ішінде 27 наурызда тоқтаған.
Соңғы мәлімет бойынша, елде 2686 адамнан коронавирус табылған, 2 адам жазылған. 11 адам қайтыс болған.
ПІКІРЛЕР