Accessibility links

Өзбекстанда министрлік "вирус жұқтырды" деп айыпталған дәрігерді қорғады


Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің ғимараты.
Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігінің ғимараты.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі 30-дан астам адамға вирус жұқтырды деп айыпталып, үстінен қылмыстық іс қозғалған самарқандтық дәрігерді қорғады. Бұған дейін Самарқанд облыстық прокуратурасы жергілікті ауруханалардың бірінде бөлім басшысы болып істейтін дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғаған болатын. Коронавирус жұққандар арасында дәрігердің жұбайы, жақындары, әріптестері мен ауруханада жатқан науқастар бар.

Прокуратура дәрігерді "COVID-19 вирус белгілерін біліп тұрып, медициналық көмекке жүгінбей, үйде емделген" деп айыптады.

Денсаулық сақтау министрі Әлішер Шадманов бас прокурорға өтініш жолдап, дәрігердің үстінен негізсіз қозғалған қылмыстық істі жабуды сұрады.

Денсаулық сақтау министрлігінің заңгері Руслан Мухаммадиев Telegram парақшасында Өзбекстан заңнамасына сәйкес, егер азамат коронавирусқа анализ тапсырмаса, дене қызуы көтерілгені үшін жауапқа тартылмауы тиіс деп жазды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG