Accessibility links

Ресей ауруханасының қызметкерлері бас дәрігерді қайтаруды талап етті


Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Армавир қаласы ауруханасының қызметкерлері бас дәрігер Сергей Смирновты қызметіне қайтаруды талап етті. Ол дәрігерлердің COVID-19 науқастарымен жұмысқа өтемақы жоқтығына шағымданғанына байланысты жұмысынан босатылған.

Смирновтің әріптестері жасаған видеоүндеуде медицина қызметкерлерінің бас дәрігерге қолдау көрсетіп, қайтаруды сұрағаны көрінеді.

Change.org платформасында Сергей Смирновты қолдайтын петиция жарияланған. "Қызметкерлер төлемақы алмағанын айтты, бас дәрігерді орнынан босатуды сұраған жоқ. Бас дәрігерді не үшін айыпты болып қалғанын білгіміз келеді", — дейді петицияда.

Коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланған кезде Қазақстанда да осыған ұқсас оқиғалар болған. Мемлекет белгілеген үстеме ақыны ала алмай жүргені жайлы медицина қызметкерлерінің әртүрлі шағымдары жарияланған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG