Accessibility links

Оралда полиция қызметкері бұрынғы әйелін "қорқытты" деген күдікке ілінген


Орал қаласының тұрғыны Әсел Алканованың арызымен полиция қызметкерінің үстінен "Қорқыту" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әсел Алканова полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігіне де шағым түсірген, ол "ұрып-соқты" деген арызы бойынша іс қозғалмағанын айтады.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінде қылмыстық іс әлеуметтік желіде Әсел Алканованың жарақаттанған жүзі көрінетін суреті мен дәрігер қорытындысы жарияланғаннан кейін қозғалған. Әлеуметтік желіге "Жан Ботанов" қоғамдық бірлестігі мен "НеМолчи.KZ" қоры жариялаған.

- Әсел Алканова әлеуметтік желіге жариялау себебін күйеуі Қайдар Жексеновтің зардап орнын толтырмауымен байланыстырды. Әлеуметтік желіге жарияланған соң күйеуі телефон соғып, қоқаң-лоқы жасады деп айыптады. Жексеновтің үстінен Қылмыстық кодекстің 115 бабы ("Қорқыту") бойынша тергеу жүріп жатыр, - деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков.

Әсел Алканова күйеуі ұрып-соққаннан кейін қылмыстық іс қозғата алмаған соң әлеуметтік желіге жүгінгенін айтады.

- Полиция "Қорқыту" бабы бойынша ғана тергеп жатыр, ал ұрып-соққаны жайлы үнсіз, - деді Әсел Алканова Азаттыққа.

Ол бұрынғы күйеуінің ұрып-соққаны жайлы тағы арызданып, қылмыстық іс қозғатқысы келеді.

БҰҰ мәліметіне қарағанда, Қазақстанда тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан жылына 400-ге жуық әйел өледі. Отбасындағы күш көрсетуге байланысты полицияға арызданатындар көбейе түскен.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG