Accessibility links

ТАСС: "Ресейде коронавирус таралымы төрт есе азайды"


Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысында коронавирус инфекциясының таралымы 4-5 есе азайған. Бұл мәліметті ТАСС Эпидемиология орталығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Василий Акимкинге сілтеп хабарлады.

"Тесттен өткізу көбейгенімен коронавирус жұқтырғандар көбейген жоқ" деп мәлімдеді Акимкин. "Бүгін Мәскеу мен Мәскеу облысының 90 мыңға жуық адамын тесттен өткіздік, сондықтан соңғы аптада коронавирус инфекциясының таралымы төрт-бес есе азайды деп айта аламын, бүгін Мәскеуде 2,6%, Мәскеу облысында 3,8 және 3,9 болды, бұрын 12-14% еді" деді ол Бірінші арнаның тікелей эфирінде.

Вирус жұқтырғандар саны жөнінен кейін әлемде АҚШ-тан кейін екінші орынға шыққан Ресей коронавирусқа байланысты карантин шараларын наурыз айының соңында енгізе бастаған. Эпидемия шарықтау шегіне жеткен кез - мамыр айының басында күн сайын 10-11 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған.

Әлемде Covid-19 коронавирусы 4,8 миллионнан астам адамға жұқты. Қайтыс болғандар 310 мыңнан асты. 1,8 миллионнан аса адам жазылды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG