Accessibility links

Мәжіліс сенаттың "Бейбіт жиын туралы" заң жобасына ұсынған өзгерістерімен келісті


Полиция митинг орнынан белсендіні ұстап барады. Алматы, 1 наурыз 2020 жыл.
Полиция митинг орнынан белсендіні ұстап барады. Алматы, 1 наурыз 2020 жыл.

Сәрсенбі, 20 мамырда мәжіліс "Бейбіт жиын туралы" заң жобасындағы сенат енгізген ұсыныстарға қолдап дауыс берді. Осылайша елде "Бейбіт жиын туралы" заң жобасы қабылданды. Енді құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі.

"Сенат түзетулері мәжіліс мақұлдаған заң жобасы мазмұнының концепциясын өзгертпейді және оның жекелеген нормаларын жақсартуға бағытталған" деді мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қанат Мусин.

14 мамырда сенат депутаттары заң жобасындағы алты бапқа байланысты 16 ұсыныс жасаған. Олардың арасында бейбіт жиын кезінде маска тағу сияқты қорғаныш құралдарын қолдануға рұқсат беру, митинг орындарын көпшілікке көрінетін орталықтарда ұйымдастыру және митинг өткізетін орындардың санын үшке дейін жеткізу сияқты ұсыныстар бар. Бұған қоса, депутаттар жиын ұйымдастырушысы немесе оған қатысушы заң талаптарын бұзса, олардың бейбіт жиынға қатысуына тыйым салынатыны туралы түзету енгізген. Егер олар заң бұзуды тоқтатса, бейбіт жиын жалғасады.

Сәуір айының басында мәжіліс заң жобасын мәжіліс мақұлдап, сенатқа жіберген еді.

Бұған дейін түрлі халықаралық ұйымдар Қазақстан билігіне пандемия індеті кезінде елдің қоғамдық-саяси өмірінде маңызы бар заң жобасын қарауды кейінге қалдыруға шақырған болатын. Норвегиялық Хельсинки комитеті (Norwegian Helsinki Committee) және ЕҚЫҰ аймағындағы 24 құқық қорғау ұйымы "билік заң жобасын өткізу үшін пандемияны пайдаланды" деп айыптап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдаған.

Оқи отырыңыз: Қарсыласуға мүмкіндік жоқ кезде митинг туралы заңды қабылдап жібермек

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы да төтенше жағдай кезінде халықтың заң жобасына қатысу мүмкіндігі жоғын айтып, заң жобасын талқылауды кейінге қалдыруға шақырған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG