Accessibility links

Мәскеу облысында Ми-8 тікұшағы құлап, 3 әскери қызметкер опат болды


Mи-8 тікұшағы. Көрнекі сурет.
Mи-8 тікұшағы. Көрнекі сурет.

Ресейдің Мәскеу облысында Клин қаласы маңында Ми-8 әскери тікұшағы жерге құлап, экипаж мүшелерінің барлығы қаза болды. Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Коммерсант" басылымының жазуынша, тікұшақ әскери авиация орталығы орналасқан Клин-5 әскери қалашығына ұшып бара жатқан кезде апат болған. Орталыққа шамамен 20 шақырым қалған кезде экипаж мүшелері борттан техникалық ақау шыққанын хабарлаған және қонуға тырысқан. Апаттан үш әскери қызметкер қайтыс болды. Forumavia ресурсының жазуынша, мерт болған жас ұшқыштар 2017-2019 жылдары әскери училище бітірген. Әскери авиация орталығында қайта дайындықтан өткен.

Әзірге толық емес ақпарат бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Тікұшақта оқ-дәрі болмаған. Қорғаныс министрлігі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG