Accessibility links

Ауғанстанда мешіттерге жасалған шабуылдан 13 адам қаза болды


Ауғанстандағы мешіт. Көрнекі сурет.
Ауғанстандағы мешіт. Көрнекі сурет.

19 мамырда кешке Ауғанстанда екі мешітке жасалған шабуылдан кемінде 13 адам қаза болған. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады. Шабуылдардың бірі Парван провинциясының әкімшілік орталығы Чарикарда болған. Мұнда шабуыл кезінде кемінде 10 адам қаза болған, 16 адам жарақаттанған.

Осы провинциядағы қауіпсіздік күштерінің жетекшісі Алозай Ахмади шабуылға байланысты тергеу басталғанын хабарлады. Парван провинциясы губернаторының баспасөз хатшысы Вахида Шахардың айтуынша, сейсенбі күні кешкісін белгісіз адамдар мешіт алдында ауызашарға жиналған адамдарға оқ атқан.

Ауғанстанның ішкі істер министрлігі шабуылға "Талибан" радикалды қозғалысын кінәлады. Талибандар шабуылға қатысы жоғын айтып, оқиғаға ауған қауіпсіздік күштерін айыптады.

19 мамырда кешке Хост провинциясындағы мешіттердің бірінде де осыған ұқсас шабуыл болып, үш адам мерт болған. Бұл ақпаратты Азаттыққа провинция губернаторының баспасөз хатшысы Талиб Мангал хабарлады.

БҰҰ Ауғанстанда қарапайым азаматтарға шабуылдың күрт көбейгенін айтып, мәселеге алаңдаған. Өткен аптада Кабулда перзентханаға шабуыл жасалып, 24 адам мерт болған, арасында жаңа туған сәбилер де бар. АҚШ ауған үкіметі мен тәліптерді бейбіт келіссөз бастауға мәжбүрлеу үшін арнайы уәкіл Залмай Халилзадты Катар мен Кабулға жіберген.

Қарай отырыңыз: "Жүрегім сыздайды". Кабулдағы перзентханаға шабуылдан соң сәбилер жетім қалды (15 мамыр, 2020 жыл).

"Жүрегім сыздайды". Кабулдағы перзентханаға шабуылдан соң сәбилер жетім қалды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:05 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG