Accessibility links

Орынбордан Бішкекке арнайы рейспен 164 қырғыз азаматы жеткізілді


Орынбор қаласындағы палаткалы қалашық.
Орынбор қаласындағы палаткалы қалашық.

Ресейдің Орынбор қаласынан Қырғызстан астанасы Бішкекке 164 азамат чартерлік рейспен жеткізілді. Бұл туралы Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қырғызстанға қайтқан азаматтар арасында екі бала, 82 әйел (33 әйелдің аяғы ауыр), денсаулығы дімкәс 80 егде ер адам бар.

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, медициналық процедуралардан өту үшін келгендер обсервацияға орналастырылған. Ұшаққа сыймай қалған қырғыз азаматтары еліне автобуспен жеткізіледі.

Ресейдің Орынбор облысында шамамен 500 қырғыз азаматы Ресейдің төтенше жағдай министрлігі ұйымдастырған Орынбор - Самара трассасы бойында палаткалы қалашықта тұрған.

7 мамырда 541 қырғыз азаматы Орынбор облысының Соль-Илецк қаласынан келген. Олар ұзақ уақыт Ресей-Қазақстан шекарасынан өте алмай тұрып қалған. Олардың арасынан 104 адамнан коронавирус табылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG