Accessibility links

Белсенді Закированың үстінен қозғалған қылмыстық істің негізгі отырысы маусымда басталады


Белсенді Санавар Закирова (сол жақта) және оның адвокаты Жанар Балғабаева сотқа қатысып отыр. Алматы, 20 мамыр 2020 жыл.
Белсенді Санавар Закирова (сол жақта) және оның адвокаты Жанар Балғабаева сотқа қатысып отыр. Алматы, 20 мамыр 2020 жыл.

Алматының Медеу аудандық сотының судьясы Залина Махарадзе белсенді Санавар Закироваға қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауын аяқтап, негізгі процесті 1 маусымға белгіледі.

Закироваға "Нұр Отан" партиясы мүшесінің қызының "денсаулығына зиян келтірді" деген айып тағылған.

Процеске прокурор Айдос Садыбеков және жәбірленуші Д.Ш. қатысып жатыр.

Санавар Закироваға "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бабы (Қылмыстық кодекстің 107-бабы, 2-бөлігі) бойынша айып тағылған. Ол ешқайда кетпеу туралы қолхат берген.

Айыптау тарабының айтуынша, 51 жастағы Санавар Закирова 8 наурызда "бұзақы ниетпен "Нұр Отан" партиясы мүшесінің қызы - 39 жастағы Д.Ш. денсаулығына зиян келтірген". "Нұр Отан" мүшесі Т.Ш. бұл іс бойынша куә ретінде танылған.

Партияның аталған мүшесі және тағы бірнеше адамның шағымы бойынша былтыр қараша айында Жетісу аудандық соты белсенділер Санавар Закирова, Әлнұр Ильяшев, Марат Тұрымбетовтен моральдық өтемақы ретінде 6 млн теңге өндіріп беру туралы қаулы шығарған. "Нұр Отан" партиясының мүшелері ол іс бойынша жәбірленуші ретінде танылды.

Бірнеше күннен соң Закирова өтемақыға ақша жинау үшін астанада мешіт алдында "Қайыр садақа" сұрап, акция өткізген.

Белсендіні полиция ұстап әкетіп, "Қоғамдық орынның шырқын бұзды" (Әкімшілік кодекстің 449-бабы) деп айыптап, 12 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Қаңтар айында Алматы қаласының апелляциялық соты белсендінің шағымын қанағаттандырмай, шешімді өзгеріссіз қалдырды.


  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG