Accessibility links

Novavax компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны сынауға кірісті


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Американың Novavax биотехнологиялық компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны сынауға кірісті. 25 мамырда басталған клиникалық сынақтың алғашқы кезеңіне Австралиядан ерікті түрде 18-59 жас аралығындағы 130 адам қатыспақ. Ғалымдар вакциянаның қауіпсіздігі мен тиімділігі жайлы алдын ала нәтиже шілде айында шығуы тиіс деп болжайды.

Сынақтың екінші кезеңі кейінірек АҚШ-та және тағы бірнеше елде қатар жүреді деп жоспарланған. Сынақ иммунитетті, вакцина қауіпсіздігі және вирустың түрлі жастағы адамдарға қалай әсер ететіндігін анықтауды көздейді.

Қазір АҚШ-тан бөлек Еуропа мен Қытайда да бірнеше вакцина сынақтан өтіп жатыр. Әлемде 5,5 миллионнан аса адамға жұғып, 345 мыңға жуық науқас көз жұмған бұл коронавирусқа қарсы вакцина қаншалықты нәтижелі болатыны белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG