Accessibility links

Қарағанды облысында карантин талаптары жеңілдейді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қарағанды облысында 29 мамырдан бастап карантин талаптары жеңілдейді. Аймақ билігі осы күннен бастап сауда орталықтары, қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы істей бастайтынын хабарлады.

1 маусымнан бастап облыстағы балабақшалар да ашылуы тиіс.

Бірақ бұл жеңілдіктердің Теміртау қаласы мен Бұқар жырау ауданына қатысы жоқ. Себебі облыста вирус жұқтырғандардың көбі осында тіркелген.

- Аптаның соңына дейін осы елдімекендердегі эпидемиологиялық ахуалды бақылаймыз. Егер келесі аптаның дүйсенбісіне дейін жағдай күрт өзгермесе, Теміртау мен Бұқар жырау ауданын да облыстағы жеңілдетілген режимге көшереміз, - деді 26 мамырда облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.

Әкімнің сөзінше, Теміртау қаласы мен Ботақара ауылындағы коронавирус жұқтырғандардың күрт өсуіне әкімдік пен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтегі олқылықтар себеп болған.

Облыста "Қазақмыс" корпорациясы бөлімшесіне қарайтын "Нұрқазған" кеніші қызметкерлерінде вирус анықталып, өндіріс 1 маусымға дейін тоқтаған. Қарағанды облыстық бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, кәсіпорында карантин енгізілген. Қарағанды, Теміртау қалалары, Бұқар жырау ауданынан кенішке барған жұмысшылар арасында 133 адамнан коронавирус табылған.

Қарағанды облысында барлығы 662 адам вирус жұқтырған. Оның 277-сі Теміртауда тіркелген.

Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны тоғыз мыңға жуықтады. 35 адам қайтыс болған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG