Accessibility links

Помпео: Гонконг автономиясы "түбегейлі" өзгерді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео.

Гонконг Қытайдан толық автономды болмағандықтан бұдан былай АҚШ-пен ерекше қатынас жасай алмайды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео хабарлады. Ол Пекин талқылап жатқан Гонконг қауіпсіздігі туралы заңды атап өтті.

АҚШ мемлекеттік департаменті жетекшісінің айтуынша, бұл құжат "Гонконг автономиясы мен оның еркіндігіне нұқсан келтіретін оқиғалар тізбегіндегі ең соңғы пункт қана". Ол сәрсенбі күні 1997 жылға дейін және одан кейін Гонконгке берілген мәртебеге қатысы бар хабарламаны конгреске жіберген. Бұрын Британия колониясы болған Гонконг 1997 жылы Қытайға беріліп, бірақ 2047 жылға дейін ішкі саясатын өзі анықтауға мүмкіндік алған еді.

Былтыр конгресс және АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік департаментті жылына кемінде бір рет бұрынғы британ колониясының тәуелсіздігіне көз жеткізуге міндеттейтін заң қабылдаған. Бұл заң Вашингтонның әлемдегі қаржы орталықтарының біріне ерекше сауда мәртебесін беруге лайық-лайық еместігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл құжат сонымен бірге адам құқығын бұзған Гонконгтің ресми тұлғаларына санкция салу (АҚШ-қа виза беру, қаржы активтерін бұғаттау т.с.с.) мүмкіндігін қарастырады.

Бұған дейін Майк Помпео Қытайды Гонконгке ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заңды тықпалады деп айыптаған. Өткен аптада құжатты Бүкілқытайлық жиналыс қарастыра бастаған. Помпеоның айтуынша, бұл шаралар аймақтың заң шығару ережелеріне қайшы келеді және онда тұрғындардың пікірі ескерілмеген.

Қарай отырыңыз: Қытай Гонконгтің ішкі қауіпсіздігін заңмен бақылағысы келеді (22 мамыр 2020 жыл).

Қытай Гонконгтің ішкі қауіпсіздігін заңмен бақылағысы келеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:25 0:00

Осыған дейін Гонконгте тұрғындар заң жобасына қарсы шығып, наразылық білдірген. Наразы тұрғындардың айтуынша, өзгерістер "бір ел, екі жүйе" принципіне қайшы. 24 мамырда мыңдаған адам қатысқан наразылық кезінде шамамен 200 адам ұсталды.

Оқи отырыңыз: Гонконгте мыңнан аса адам қала еркіндігіне қауіп төндіретін Пекин заңына қарсы шықты

Былтыр Гонконгте бірнеше ай бойы белсенділер пекиншіл биліктің күдіктілерді Қытайға экстрадициялау туралы заңды қабылдау жоспарына қарсы шығып, наразылық акциясын өткізген. "Диссиденттерді қудалау үшін қолданылуы мүмкін" делінген заң наразылардың қысымының арқасында күшіне енбеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG